Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Lufthansa Group Тель-Авив пен Тегеранға рейстерді тоқтатты
15:40 / 2024-09-18

Lufthansa Group әуе компаниялары Тель-Авив пен Тегеранға барлық рейстерді тоқтату туралы шешім қабылдады.

Әуе компания баспасөз қызметі хабарлауынша, бұл шешім қауіпсіздік жағдайының өзгеруіне байланысты қабылданған.

Шешім қабылданбай тұрып, Ливандағы «Хезболла» қозғалысының жауынгерлері пайдаланған пейджерлердің Ливанда жарылғаны туралы ақпарат тараған. 

Бейрут пен қозғалыс өкілдері оқиға үшін Израильді айыптады. Олар еврей мемлекеті бұл әрекеті үшін «тиісті жазаға тартылатынын» мәлімдеген.

19 қыркүйекке дейін барлық Lufthansa Group әуе компаниялары Израиль мен Иранның әуе кеңістігін айналып ұшады.