Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ұлттық журналистика тарихына арналған көрме
09:22 / 2023-06-28

«Мәдени мұра» агенттігі Өзбекстанның Ұлттық телерадиокомпаниясы және Өзбекстанның Ұлттық БАҚ қауымдастығымен бірлесіп, Өзбекстан бейнелеу өнері Галереясында 27 маусым – Баспасөз және БАҚ қызметкерлері күніне орай «Өзбекстан ұлттық журналистикасы: тарих және даму кезеңдері» атты көрме ұйымдастырды.

Көрмеде өзбек тілінде шыққан алғашқы баспа басылымдарымен, құнды техникалық құралдар, мұрағат материалдары, теле-радио, фотожурналистика тарихынан сыр шертетін фотосуреттермен танысу мүмкін.

[gallery-12522]

Атаулы көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат – респуьликадағы ұлттық медиа саласының даму тарихы мен кезеңдерін көрсету, бұл саланың мәдени үдерістермен тікелей байланысты екенін көрсету.

суреттерді түсірген Насиржон Хайдаров, ӨзА