Ұлттар Лигасы жартылай финалына жеребе тартылып, шешуші ойындар өтетін күн белгілі болды
Швейцарияның Ньон қаласында Ұлттар лигасының шешуші кезеңіне жеребе тартылды.
Жеребе қорытындысы бойынша жартылай финалда Испания Италиямен, ал Бельгия Франциямен ойнайды.
Жартылай финал кездесулері 2021 жылдың 6-7 қазанында өтсе, 3-орын мен финал матчы 10 қазанға белгіленген.
Испания мен Италия құрамалары Миландағы «Сан-Сиро» алаңында ойнайды, ал Бельгия - Франция матчы Туриндегі «Альянс Аренада» өтеді.