Лос-Анджелесте коменданттық сағат режимі алынып тасталды
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында иммиграциялық саясатқа қарсы басталған жаппай наразылықтар кезінде енгізілген коменданттық сағат режимі тоқтатылды.
Бұл туралы қала мэрі Карен Басс New York Post басылымы арқылы хабарлады.
Мэрдің айтуынша, бұл шектеу қылмыстың алдын алуға, дүкендер мен қоғамдық орындарды вандализмнен қорғауға ықпал еткен. Сондай-ақ соңғы күндері қалада ұсталғандар саны азайып, зорлық-зомбылық деректері төмендеген.
Айта кетейік, Лос-Анджелестегі наразылықтар 6 маусымда федералдық агенттердің иммиграциялық заңнаманы қадағалауға бағытталған рейдтерінен кейін басталған болатын.