Лос-Анджелес Олимпиадасы 2028 жылдың 14-30 шілдесі аралығында өтеді
2028 жылғы Лос-Анджелесте өтетін XXXIV Жазғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті турнирдің өтетін күндерін жариялады.
Олимпиаданың ашылу салтанаты 2028 жылдың 14 шілдесінде, ал жабылуы 30 шілдеге жоспарланған.
Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 15 тамызда, жабылу салтанаты 27-де болады.
Турнирлерді өткізу мерзімі Томас Бах бастаған Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) делегациясының Лос-Анджелестегі 2028 жылғы Олимпиаданың штаб-пәтеріне сапары кезінде расталды.
XXXIV Жазғы Олимпиада ойындарының Лос-Анджелесте өтетіні 2017 жылы Лимада өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында белгілі болған еді. Америкалық қала бұл мәртебелі жарысты осымен үшінші рет өткізетін болып тұр. Байрақты бәсеке бұған дейін бұл жерде 1932 және 1984 жылдары өткен болатын.