Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Лондон төрінде Өзбекстанның туристік әлеуеті таныстырылды
17:01 / 2024-11-07

Ұлыбритания астанасында туризм саласындағы әлемдегі ең ірі халықаралық көрмелердің бірі – "World Travel Market London – 2024" өтіп жатыр.

Көрмеде Өзбекстан елшілігі, Туризм комитеті, «Uzbekistan Airways» және еліміздің Ұлыбританиядағы туризм брендінің өкілі Софи Ибботсонның қолдауымен Өзбекстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.

Онда Өзбекстанның туристік әлеуетін паш етуге оннан астам ұлттық туристік компания қатысып, ерекше таныстырылым ұйымдастырды. Көрмеге келгендер Өзбекстанның бай мәдениеті мен тарихи мұрасын, ежелгі қалаларының сырлы шежіресі мен заманауи инфрақұрылымын тереңірек танып білу мүмкіндігіне ие.

Лондон төрінде 2009 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл ауқымды шара биыл да жаңа серпінге ие болды. Өзбекстан павильонында британдық және шетелдік компанияларға арналған B2B форматындағы келіссөздерге арнайы жағдай жасалып, жаңа туристік бағыттарды іздестіріп жүрген кәсіби ортаға етене жақын қарым-қатынас алаңы ұсынылды.