Британдық «Collins» сөздігі бойынша «Локдаун» 2020 жылдағы «Жыл сөзі» деп табылды. Ол 2019 жылы 4 мың, 2020 жылы 250 мың рет қолданылған.
The Guardian басылымының хабарлауынша, сөздікте «локдаун» сөзінің мағынасы «қоғамдық орындарға баруға, саяхаттар мен қоғамдық жұмыстарға қатаң шектеу» ретінде берілген болып, бұл сөздің қолданылуы бір жылда рекордтық деңгейге өскен.
2020 жылғы ТОП-10 сөздік қорының арасында локдаун, сөзінен бөлек «Tiktoker» (TikTok-та үнемі бейнелермен бөлісетін адам), пандемияға қатысты басқа сөздерден: коронавирус, әлеуметтік арақашықтық, өзін-өзі оқшаулау, ақысыз демалыс (furlough), жұмыста болуы міндетті қызметкер (key worker) сөздері орын алған.
«Тіл - бізді қоршаған әлемнің көрінісі, ал 2020 жылы бүкіл әлемде пандемия үстемдік етті. Біз «локдаун» сөзін таңдауымызға түрткі болғаны, өйткені бұл миллиардтаған адамдар өмірінде маңызды болды. Адамдар вирустан сақтануы үшін олардың тұрақты өміріне тыйым салынды. Ол біздің жұмысымызға, оқуымызға және әлеуметтік өмірімізге әсер етті. Көптеген елдер екінші локдаунды да бастап кетті», - дейді «Collins» сөздігінің тілдік мазмұны бойынша кеңесшісі Хелен Ньюстед.
«Collins» сөздігіндегі жыл сөзі ретінде 2019 жылы «климаттық ереуіл» (climate strike), 2018 жылы «бір реттік» (single-use), 2017 жылы «жалған жаңалықтар» (fake news), 2016 жылы «Брексит» (Brexit) сөздері «Жыл сөзі» ретінде тіркелген.