English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Үлкен жетілік» саммитіне байланысты Хиросима аспанында ұшуға тыйым салынады
15:53 / 2023-03-09

2023 жылдың 18-22 мамыры аралығында Жапонияның Хиросима қаласының үстінен ұшуға тыйым салынады. Өйткені осы кезеңде «Үлкен жетілік» елдері басшыларының саммиті өтеді.

Жапонияның Жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігі хабарлауынша, ұшуға тыйым салынған аймақ «Үлкен жетілік» көшбасшыларының кездесуі өтетін Grand Prince қонақүйінің радиусында шамамен 46 км қашықтықты қамтиды.

Айта кетерлік жайт, Жапония үшін жоғары дәрежелі шетелдік қонақтар көп жиналатын жерлерде ұшуға тыйым салынған аймақтарды енгізу әдеттегідей. Атап айтқанда, лаңкестік шабуылдардан қорғауға бағытталған мұндай шаралар 2022 жылдың қыркүйегінде Токиода Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің мемлекеттік жерлеу рәсімінде енгізілген болатын.

Еске салар болсақ, Жапония биыл G7-ге төрағалық етеді және мамыр айында Хиросима саммитін өткізеді.