English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлихан Смайылов Қазақстан Премьер-Министрі болып тағайындалды
15:27 / 2023-03-30

Әлихан Смайылов қайтадан Қазақстан Респбуликасының Премьер-Министрі болып тағайындалды.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, ҚР Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловты тағайындауға келісім берді.

«Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысы кандидатурасын талқылағаннан кейін «Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Смайылов Әлихан Асханұлын тағайындауға келісім берілсін» деген қаулы жобасына дауыс берді. Дауыс беру барысында жалпы отырысқа қатысқан 97 депутаттың 82-сі оның кандидатурасын қолдады. 7 депутат қарсы шығып, 8 депутат қалыс қалды», делінген хабарламада.

Akorda сайтының мәліметінше, Қазақ елінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған.

Әлихан Смайылов 2022 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан үкіметін басқарып келеді.