Ливиядағы әскери операциялар Рамазан айының соңына дейін тоқтатылғаны жарияланды
БҰҰ, Еуропалық Одақ және бірнеше мемлекеттер қасиетті Рамазан айында Ливиядағы әскери операцияларды тоқтатуға шақырған болатын
Бір апта бұрын БҰҰ, Еуропалық Одақ және бірнеше мемлекеттер қасиетті Рамазан айында Ливиядағы әскери операцияларды тоқтатуға шақырған болатын.
Осы жадайды ескере бүгін ливиялық генерал Халифа Хафтар елдің астанасы Триполиге шабуылды қасиетті Рамазан айының соңына дейін тоқтатылғанын мәлімдеді. Ал оның өкілі Ахмад әл-Мисмари: «Барлық әскери операциялар тоқтатылады. Осы арқылы біз әлемдік қоғамдастық пен достас елдердің тілектерін орындаймыз. Алайда тероршы топтар келісімді бұзған жағдайда, Хафтар әскери тобы шабуылға көшетін болады», - деген.