Ливияда су тасқынынан қаза тапқандардың саны 11,3 мыңға жетті
Ливиядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 11,3 мың адамға жетті.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Ливия Қызыл Жарты Ай гуманитарлық ұйым тағы 10 мың адам із-түзсіз жоғалғанын айтты. Іздеу жұмыстары жалғасуда.
Дүйсенбіге қараған түні Ливияның Дерна қаласында су тасқыны болды. Табиғи апаттың қуатты болғаны салдарынан су бүкіл ауданды шайып кетті.
Ең көп зардап шеккен Дерна қаласы, биліктің мәліметінше, мұнда 6 мың адам із-түзсіз жоғалған.
Ливия премьер-министрі Абдель Хамид Дбейба осы жағдайға байланысты елде үш күндік ұлттық аза тұту жариялады.