Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Ливерпуль» шабуылшысы Диогу Жота жол апатынан қаза тапты
12:22 / 2025-07-03

«Ливерпуль» шабуылшысы, Португалия ұлттық құрамасының ойыншысы Диогу Жота 28 жасында өмірден өтті.

Marca дерегінше, Жота Испанияның Замора провинциясында болған жол-көлік оқиғасының құрбаны болған.

Хабарларға қарағанда, Диогу мен 26 жастағы інісі, Португалияның «Пенафиел» клубының кәсіби футболшысы Андре Жотамен бірге келе жатқан Lamborghini көлігі басқаруды игере алмай жанып кеткен.

As басылымының жазуынша, апаттың себебі – озбақ кезінде көліктің шинасы жарылып кетіп, жүргізуші рөлге ие бола алмаған.

Жота мен оның інісі қатты күйіп кеткендіктен, бірден тану мүмкін болмаған. Көліктің кімге тиесілі екенін тек номерлерді тексергеннен кейін ғана анықтаған.