Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ливерпуль Салахсыз қалай ойнамақ?
17:18 / 2019-05-07

Бүгін түнде Европа Чемпиондар лигасының қарымта матч ойны «Ливерпуль» мен «Барселона» арасында өтпек.


Бүгін түнде Европа Чемпиондар лигасының қарымта матч ойны «Ливерпуль» мен «Барселона» арасында өтпек. 

Испанияда өткен алғашқы кездесу бойынша есеп 0:3 Барселонаның жеңісімен аяқталған болатын. Ливерпуль бүгін өз алаңында ойын көрсетеді. 

Дегенмен оларда үлкен мәселе болып тұрғаны кешке өтетін кездесуге клубтың екі бірдей шабуылшысы түсе алмайтыны. Олар Мухаммед Салах пен бразилялық Фирмино. 

Осы кездесу алдынан Ливерпуль бас бапкері Юрген Клопптың берген сұхбатында былай дейді, «негізгі ойынға клубтың екі негізгі ойыншылары қатыспайды. Бұл ойында Ливерпуль қарсы командаға 4 гол соғуы керек. Бұл оңай шаруа емес әрине, бірақ біз тырысамыз. Егер мұны жасай алмайтын болсақ, біз жарысты әдемі көңіл-күйде аяқтауға көнеміз». 

Еске сала кетсек, өткен жылы «Ливерпуль» финалдық кездесуде Испанияның «Реал Мадрид» футбол командасымен ойнап 3:1 есебінде есе жіберген болатын. Осы кездесуде де, Мухаммед Салах алғашқы таймда Серхио Рамоспен соқтығысып ойынды жалғастыра алмаған еді.