Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Ливерпуль» мен «Манчестер Юнайтед» Англияда өтетін екі жарыстан бас тартуды ұсынды
11:55 / 2020-10-12

АПЛ-дің үздік клубтары «Ливерпуль» мен «Манчестер Юнайтед» Англияда өтетін ірі турнирлердің екеуінен бас тартуды ұсынды


АПЛ-дің үздік клубтары «Ливерпуль» мен «Манчестер Юнайтед» Англияда өтетін ірі турнирлердің екеуінен бас тартуды ұсынды.

«The Telegraph» басылымының хабарлауынша, «Ливерпуль» мен «Манчестер Юнайтед» бұдан былай Англия кубогы мен Суперкубок сайысын өткізбеуді ұсынды. Егер Лига кубогын қалдыру керек болса, бірақ оны еурокубоктарға қатысатын клубтарсыз өткізу керек, деген тұжырымға келген.

Осы бастамадан бөлек бұл екі клуб АПЛ-де үлкен реформа жасау жайлы жоба дайындаған. Бұл жоба аясында Премьер лигадағы клубтардың санын 20-дан 18-ге дейін қысқартуды көздеп, Чемпионшипте 24 команда, ал үшінші және төртінші дивизионда жалпы 90 клуб қатысуын қарастырған.

Қаржы жағына келетін болсақ, клубтар дағдарыс кезінде Англия футбол лигасына (EFL) 250 миллион фунт стерлинг көлемінде көмек ұсынбақ. Сондай-ақ жылдық табыстың 25 пайыздық үлесін беруді жоспарланып отыр. Тағы 100 миллион фунт стерлинг Англия футбол қауымдастығына (FA) аударылады.

Жоба бойынша Премьер-лигада басқаларға қарағанда көп маусымда қатысқан тоғыз клуб барлық тұжырым бойынша АПЛ бағытын анықтайды. Қазіргі кезде бұл ұсынысқа Англия футбол лигасы қолдау білдірген. Дегенмен жоба жетекшілері бұл ұсынысты АПЛ-дің «Манчестер Сити», «Арсенал», «Челси» және «Тоттенхэм» сынды клубтарының қолдауларын күтуде.