«Ливерпуль» клубы «Standard Chartered» кубогын жеңіп алды
«Ливерпуль» клубы «Кристал Пэлас» командасын жеңіп, «Standard Chartered» кубогын жеңіп алды.
Жаңа маусымға дайындық аясында «Ливерпуль» Сингапурда «Кристал Пэлас» клубымен өткен кездесуде жеңіске жетіп, «Standard Chartered» кубогының иесі атанды.
Мерсисайдтық клубқа Хендерсон мен Салахтың голдары жеңіс силады. Есеп 2:0.
Юрген Клопп шәкірттері келесі жолдастық кездесуін 21 шілдеде бундеслиганың «Лейпциг» клубымен өткізеді.