Ливерпуль финалға шықты
Ағылшын пример лигасы әлемде озық ойын көрсетер өзіндік ерекшелігі бар екенін дәлелдей түсті.
Футбол тарихында әр кезеңде түрлі камбэк жасар командалар болады. Әрине олар көп жағдайда өте үлкен энергиялы күшті талап етеді. Кеше түнде біз сондай ыждахатты ойынның күәсі болдық. Тағы бір мәртеге Ағылшын пример лигасы әлемде озық ойын көрсетер өзіндік ерекшелігі бар екенін дәлелдей түсті.
Европа Чемпиондар лигасының финалдық деңгейдегі кездесуі деп болжам жасалған ойын ағылшынның «Ливерпульі» мен испандық «Барселона» командасы арасында өтті. Шынында біз Мадридте өтетін финал кешінде мұндай ойын көреміз бе екен?
Алғашқы «Камп Ноуда» өткен кездесуден кейін «Барселона» толықтай финалды нақтылағандай болға еді. Ал шындығында «Барселона» ЧЛ ойындарында соңғы жылдар статистикасына сүйенсек, жартылай финал ойындарындағы ең сәтсіз командасы деуге болады. 2017 жыл «ПСЖ», 2018де «Рома». Міне 2019да «Ливерпуль» бұл командалар қатарын толықтыра түсті.
Мерсисайдтықтарға оңай болған жоқ әрине. Бұл үлкен энергиялы күштің арқасында орындалар жағдай дедікқой жоғарыда. «Энфилд» алаңына келген жанкүйердің айқайын байқаған боларсыз. Тіпті «Барселона» клубы жауаптық кездесуге Англияға кедгеннен бастап оларға қонақ үйлерде де, жақсы тынығуына мүмкіндік бермеген көрінеді «Ливерпуль» фанаттары.
Құрамында Месси, Суарес, Каутиньо сында жұлдыздардан құралған «Барса», Мухаммед Салах пен Фирминосыз «Ливерпульді» оңай ғана жеңіп кетеміз деген болса керек, бірақ ойын көпшілік күтпеген есепте аяқталды. «Ливерпуль» жауапсыз 4 гол соғып финал жолдамасына ие болды.
Бүгін кешке тағы бір қызықты кездесу амстердамдық «Аякс» пен лондондық «Тоттенхэм» арасында өтеді. Алғашық кездесу бойынша есеп амстердамдықтардың 1:0 есебіндегі жеңісі мен аяқталған еді.