Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ливан жағалауында мұнай танкері апатқа ұшырады
13:32 / 2022-02-07

Ливан жағалауында бірнеше ондаған мың тонна мазут тиелген Pyxis Epsilon танкері зақымданды.

Fleet Mon басылымының хабарлауынша, оқиға ауа-райының қолайсыздығынан орын талған.

 «Түркияның Алиаға портынан 42 мың тонна мазут тиелген Pyxis Epsilon танкері Ливанның Амшит портында қатты жел салдарынан Амшит жағалауында апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан кеменің рульі зақымдалып, жүк түсіру уақытша тоқтатылды», - деді Ливанның көлік министрі Али Хамиа.

Оның айтуынша, оқиға салдарынан қоршаған ортаға зиян келмеген.