Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ливан астанасында өте күшті жарылыс болып қаланың көп бөлігі қирады
01:47 / 2020-08-05

Жарылыс қала маңындағы теңіз порты аймағында орналасқан пиротехникалық қоймада орын алған


Ливан астанасы Бейрут қаласында өте күшті жарылыс болып оның салдарынан 60-тан астам азамат қайтыс болғаны айтылады.

«Al Hadath» телеарнасының ақпаратына сай 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында болған жойқын жарылыс қала маңындағы теңіз порты аймағында орналасқан пиротехникалық қоймада, осыдан тоғыз жыл бұрын келген кемелердің бірінен тәркіленген қайта өңдеу немесе жою үшін порттағы базада сақталған жарылғыш заттар жарылған.

Жергілікті кейбір БАҚ таратқан хабарға сай қысқа тұйықталу салдарынан қоймада өрт шығып нәтижесінде селитра жарылғаны айтылады.

Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сүйенсек жарылыс өтке күшті болғандықтан құрбандар саны әзірге нақты емес. Бірақ қазірге дейінгі дерек бойынша 63 жанның мерт болғаны анықталып жарақат алғандардың саны 3 мыңнан асқаны хабарланған.

Бейрут губернаторы Марван Аббуд оқиғаны Хиросима мен Нагасакиде жарылған атом бомбаларына теңеген. «Мен бүкіл өмірімде мұндай көлемді жарылысты ешқашан көрген емеспін. Бұл ұлттық апат», - деген ол.

Қазіргі уақытта жарылыстың себебі туралы әртүрлі мәліметтер айтылуда. Алғашқы дерек бұл пиротехника сақталған базадағы жарылыс болды деп мәлімдеді, бірақ кейінірек ғимаратта химиялық заттардың сақталғандығы туралы хабар тараған. Жарылысқа израильдіктер қатысты деген хабарларды Израиль үкіметі де, Ливан үкіметі де жоққа шығарды. Соңынан Ливан қауіпсіздік басшысы Аббас Ибрахим тәркіленген жарылғыш заттар жарылыс болған ғимаратта сақталғанын айтты. Ол жарылыс террорлық шабуыл емес екендігін мәлімдеген.

5KRngPCaKWXmZJF_skRWgHxEnjFNRRPd.jpg

qP6IPntN64qdwXcInVhtaC6YqdD8GdsH.jpg