Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Литвалық фермерлер өз тракторларымен наразылыққа шықты
17:10 / 2019-11-27

Бұл наразылық шеруі қазірше үкіметке ескерту ғана болған


26 қарашада Литва астанасы (басқа облыстарда да) Вильнюс көшелерімен 50-ден астам трактор коллонасы жүріп өтті.

Бұл жағдай Литва Фермерлер одағының елдегі ауылшаруашылық саласына мемлекеттің ұстанған саясатын мақұлдамай қарсылығын білдірген. «ТАСС» таратқан ақпаратқа сай, бұл наразылық шеруі қазірше үкіметке ескерту ғана болған. Егер үкімет ауыл-шаруашылығына байланысты шығарған заңдарын өзгертпейтін болса, онда бұл жағдай тағыда жалғасатын болады.

Наразылықтардың келіп шығуының негізгі себептері соңғы үш жылда ауыл шаруашылық саласына салынатын салықтар бес есеге өскен. Ал үкіметтен наразы Литва фермерлер одағы 2020 жылғы мемлекеттік бюджет жобасына ауыл шаруашылығына жұмсалатын жанармай үшін акциз салығын азайтуды сұраған. Өйткені атаулы құн салығы келер жылдан тағыда 7,2 пайызға артуы мүмкін.

Кешегі өткен Литвадағы митингтерде үш мыңға жуық ауыл шаруашылық транспорттары қатысып, олар негзгі көшелер бойымен әрекет еткен. Ал Вильнюс көшелерімен жүрген тракторларды полиция күзетіп бұл наразылық акциясы үкімет пен келіске түрде ұйымдастырылған.