Литва тұрғыны лотереядан 24 миллион еуро ұтып алды
Литва тұрғыны Eurojackpot лотереясынан 24 миллион еуро ұтып алды, бұл Балтық жағалауы елдері арасындағы рекордтық көрсеткіш.
lrytas.lt порталының дерегінше, лотореядағы бас жүлде екі азаматқа шыққан.
«Бас жүлде 48 миллион еуродан астам болып, оны Германия мен Литва жеңімпаздары өзара бөліскен. Бір жақ тараптың нақты ұтыс сомасы 24 000 400,10 еуроны құраған- делінген хабарламада.
Басылымның мәліметінше, Балтық жағалауы елдері арасындағы рекордтық сомаға ие ұтыс билеті 20 қаңтарда Вильнюс Максима дүкенінен сатып алынған. Бұған дейін Литвадағы рекордтық ұтыс 13 миллион еуроны құраған еді. Оны 2021 жылдың жазында Вильнюс тұрғыны минералды су үшін дүкенге барып, бір уақытта лотерея билетін сатып алған.