Литва Беларусь көліктерінің елге кіруіне тыйым салды
18 шілдеден бастап Беларусьте тіркелген жеңіл көліктер Литваға кіргізілмейді.
Латвиядан кейін Литвада Беларусь нөмірлері бар көліктердің кіруіне тыйым салынды.
Литва кедені ресми сайтындағы хабарға сәйкес, тыйым 18 шілдеде жергілікті уақыт бойынша 00:00-де күшіне енеді. Бұл жағдай жеңіл автокөліктерге, олардың иесі немесе жүргізушісінің азаматтығына қарамастан тыйым күшінде болады.
Тек дипломатиялық көліктер үшін ерекшелік қарастырылған.
Литва аумағындағы көліктер 2025 жылдың 18 қаңтарына дейін елден шығуы немесе қайта тіркелуі керек. Көлік иелері мұны орындамаса, айыппұл салынып, көлігі тәркіленеді.