Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлішер Науаидың 580 жылдығы кеңінен атап өтіледі
12:17 / 2020-10-20

2021 жылы Өзбекстанда ұлы ойшыл, ақын Әлішер Науаидің 580 жылдығы кеңінен атап өтіледі


2021 жылы Өзбекстанда ұлы ойшыл, ақын Әлішер Науаидің 580 жылдығы кеңінен атап өтіледі.

Бұл жөнінде Мемлекет басшысының жарлығында айтылған болып, онда:
  • Әлішер Науаидің шығармашылық мұрасын тереңнен зерттеу және кеңінен насихаттауға зор үлес қосқан еліміздің азаматтары мен ғылыми және шығармашылық мекемелерін марапаттау үшін Әлішер Науаидің ордені тағайындалады;
  • Әлішер Науаи жазған және ол өмір сүрген дәуірге тиесілі шет елдерде сақталған қолжазбалардың факсимильді көшірмелерін әкелу бойынша шаралар қабылданады;
  • Әлішер Науаидың өмірі мен шығармашылық мұрасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына мемлекеттік тапсырыс талаптарына сәйкес ғылыми жобалар конкурсы жарияланады;
  • 2021 жылдың соңына дейін Өзбекстан Ұлттық кітапханасында Әлішер Науаи мен Науаитанудың шығармалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу үшін электронды платформасы іске түспек;
  • 2021 жылы Ташкентте Әлішер Науаи атындағы шығармашылық мектебі ашылады;
  • 2021 жыл қарашаның бірінші онкүндігінде Науаиы қаласында «Әлішер Науаидың шығармашылық мұрасының адамзаттың рухани және білім беру дамуындағы рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.