Аргентиналық супер жұлдыз Лионель Месси «Goal.com» басылымының нұсқасы 2021 жылдың үздік футболшысы атанды.
Сайт оқырмандары арасында жүргізілген сауалнамада «ПСЖ» шабуылшысы Месси, «Манчестер Юнайтед» клубының сұрмергені Криштиану Роналдуды басып озды.
14 миллион адам қатысқан дауыс беру нәтижесіне орай үшінші орынға «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски лайық деп табылған.
2021 жылдың үздік 10 ойыншысы (Goal.com нұсқасы):
1. Лионель Месси («ПСЖ», Аргентина)
2. Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед» Португалия)
3. Роберт Левандовски («Бавария», Польша)
4. Мухаммад Салох («Ливерпуль», Мысыр)
5. Килиан Мбаппе («ПСЖ», Франция)
6. Эрлинг Холланд («Боруссия Д», Норвегия)
7. Карим Бензема («Реал Мадрид», Франция)
8. Нголо Канте («Челси», Франция)
9. Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити», Бельгия)
10. Неймар («ПСЖ», Бразилия)
2020 жылы британдық «Four Four Two» журналы соңғы ширек ғасырдағы үздік футболшылар рейитингін жариялап, онда Лионель Месси - соңғы 25 жылдағы ең үздік футболшы атанған болатын.