Лионель Месси - соңғы 25 жылдағы ең үздік футболшы
Британдық «Four Four Two» журналы соңғы ширек ғасырдағы үздік футболшылар рейитингін жасады
Британдық «Four Four Two» журналы соңғы ширек ғасырдағы үздік футболшылар рейитингін жасады.
Өткен ғасырдың соңы 94 жылдан бүгінге дейінгі үздік аладоп шеберлері арасынан 4-4-2 атуымен жарық көретін журналдың алқалы төрешілері 25 футболшыны іріктеп, осы дәуірдің дүлдүлі ретінде алты мәрте алтын допты меншіктеген Леонель Мессиді үздік деп тапқан.
Кейінгі орында 35 жасар португалдық сұрмерген Криштиану Роналду үздік деп табылған болса, күшті үштіктен Реал Мадриттің қазіргі бапкері Зинеддин Зидан орын алған. Ал 25 жылдың үздік ойыншылары қатарындағы ең соңғы шепте жасы 40-тан ассада әліде алаңнан кетпей жүрген Джанлуиджи Буффон жайғасқан.
Four Four Two журналы жасаған соңғы 25 жылдағы ең үздік футболшылардың келесідей тізімі мынадай:
4. Роналдо (Бразилия).
5. Роналдиньо (Бразилия).
6. Тьерри Анри (Франция).
7. Хави (Испания).
8. Андрес Иньеста (Испания).
9. Паоло Мальдини (Италия).
10. Роберто Баджо (Италия).
11. Ривалдо (Бразилия).
12. Фабио Каннаваро (Италия).
13. Райан Гиггз (Уэльс).
14. Кака (Бразилия).
15. Уэйн Руни (Англия).
16. Луиш Фигу (Португалия).
17. Габриэль Батистута (Аргентина).
18. Эрик Кантона (Франция).
19. Лука Модрич (Хорватия).
20. Серхио Бускетс (Испания).
21. Рауль (Испания).
22. Пол Скоулз (Англия).
23. Ромарио (Бразилия).
24. Серхио Рамос (Испания).
25. Джанлуиджи Буффон (Италия)