Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Лионель Месси «Интер Майами» клубына өтті
11:41 / 2023-06-08

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубына ауысатынын растады.

«Мен Майамиге көшуге шешім қабылдадым. Еуропадан кетіп, отбасым туралы көбірек ойлағым келді», - деген Месси.

2 маусымда испандық Sport газеті «Интер Майами» Мессиге жалпы құны 200 миллион доллар болатын төрт жылдық келісімшартқа ұсыныс жасағанын хабарлаған еді.

Месси «Интер Майами» клубын аөтуде ақша негізгі фактор болмағанын айтқан.

«Шындығында, қаржылық мәселелер мен үшін ешқашан қиындық немесе кедергі болған емес. Біз «Барселонамен» келісімшартты талқылаған жоқпыз. Ресми, жазбаша ұсыныс болған жоқ. Ештеңе болмады. Ниет бар еді, бірақ біз алға жылжи алмадық, ақша туралы ресми түрде сөйлеспедік.

Әңгіме ақша туралы болса, Арабияға немесе басқа жаққа барар едім. «Саудиялықтардың ұсынысы маған үлкен ақша сияқты көрінді, ал шындығында менің шешімім ақшадан басқа себептермен қабылданды», - деп келтірген Diario Sport Мессидің сөзін.