Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Лионель Месси 7-ші рет «Алтын доп» иегері атанды
03:12 / 2021-11-30

Париждегі «Шатле» театрында өткен салтанатты кеште «ПСЖ» және Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2021 жылғы «Алтын доп» иегері атанды. Ол бұл марапатты 7-ші рет алуда.

34 жастағы футболшы аяқталып жатқан маусымда Аргентина құрамасымен Америка кубогы және «Барселона» клубмен бірге Испания кубогын жеңіп, Ла Лиганың үздік бомбардирі атанған еді.

Осы мапаратқа арналған үздік бестік қатарында «Бавария» командасының ойыншысы Роберт Левандовски (2), «Челсидің» итальяндық жартылай қорғаушысы Джорджино (3), «Реалдың» француз шабуылшысы Карим Бензема (4) және «Челсидің» француз жартылай қорғаушысы Нголо Канте (5) енген.

Сондай-ақ салтанатты шарада келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

  • Үздік әйел ойыншы – Алексиа Путелльяс («Барселона»/Испания)
  • Лев Яшин жүлдесі - Джанлуиджи Доннарумма («ПСЖ»/Италия)
  • Үздік шабуылшы – Роберт Левандовски («Бавария»/Польша)
  • Үздік жас ойыншы - Педри («Барселона»/Испания)
  • Жылдың үздік клубы – «Челси» (Англия).