Лиондағы грек шіркеуі маңында атыс болып, бір адам жарақат алды
Францияның Лион қаласында болған оқ ату оқиғасында бір православ шіркеу қызметкері жарақат алған
Францияның Лион қаласында болған оқ ату оқиғасында бір православ шіркеу қызметкері жарақат алған.
Жергілікті «Le Progres» газетіне сілтеме жасай таратқан Meduza-ның хабарында айтылуынша, оқиға Лион қаласының жетінші ауданындағы грек православ шіркеуі жанында болып, онда екі рет оқ атылған. Оқ атқан жан шіркеу есігін жаумақ болған православ діни қызметкерін қатты жаралаған.
Қазіргі кезде құтқару қызметі жарақат алған діни қызметкерді оқиға орнынан эвакуациялаған, ал полиция оқ атқан қылмыскерді іздеуде. Әзірше бұл жағдайдың терроризмге байланысы бар-жоғы белгісіз.
Еске салар болсақ, бұған дейін Францияның екі қаласында кісі өлтіру оқиғасы тіркелген болатын. Оны жергілікті билік теракт деп мәлімдеген.