French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
LG компаниясы смартфон нарығынан шығатынын жариялады
16:02 / 2021-04-05

Оңтүстік Кореяның «LG Electronics Inc.» команиясы шығымды бизнес пен жоғары бәсекелестікке байланысты ұялы телефондар нарығынан шығатынын жариялады.

Yonhap агенттіктің хабарлауынша, компания 2021 жылдың 31 шілдесінен бастап смартфондар өндірісін тоқтатады. LG смартфондар өндірісінен бас тартуы компания кірісінің қысқа мерзімді төмендеуіне әкеледі, бірақ сайып келгенде оның қаржылық жағдайы мен басқару тиімділігін жақсартады. Агенттіктің айтуынша, LG ұялы телефон бизнесі 2015 жылдан бері зиян көруде. 2020 жылы жалпы шығын 4,4 млрд долларды құрады.

Сала мамандарына сүйене отырып, агенттік LG компаниясы ұялы телефонын сату туралы Вьетнамның «Vingroup» корпорациясы және Германияның «Volkswagen» автомобиль өндірушісімен келіссөздер жүргізген, бірақ келіссөздер нәтижесіз аяқталған.

LG смартфондар нарығына 2009 жылы бірден «Android» жүйесіне қосылған, оған дейін бірнеше танымал классикалық ұялы телефондар шығарды.