Левандовски өткен маусымының «Алтын бутса» иегері атанды
«Бавария» мен Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски 2020/21 маусым қорытындысына орай «Алтын бутса» иегері атанды.
33 жастағы поляк футболшысы өзінің алғашқы марапатын Instagram парақшасында хабарлаған. Ол өткен маусымда Бундеслиганың 29 кездесуінде алаңға шығып 41 гол соққты. Бұл нәтиже Бундеслига ойындарында жаңа рекорд болды. Бұған дейінгі ең жоғары нәтиже Герд Мюллерге тиісті болған. Ол бір маусымда қарсы команда қақпасына 40 гол соққан. Бұл рекорд 49 жыл бойы сақталды.
Өткен маусымдағы Еуропа чемпионаттары сұрмергендер бәсекесінде Левандовски, Лионель Месси («Барселона», 30 гол), Криштиану Роналду («Ювентус», 29 гол), Андре Силва («Айнтрахт», 28 гол), Эрлинг Холанд («Боруссия Дортмунд», 27 гол), Килиан Мбаппе («ПСЖ», 26 гол), Ромелу Лукаку («Интер», 24 гол) сынды футболшыларды артта қалдырған.