Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Левандовски Польшада мемлекеттік сыйлықпен марапатталды
12:36 / 2021-03-23

Мюнхеннің «Бавария» клубы шабуылшысы Роберт Левандовски 22 наурызда Польша президенті Анджей Дуданың қолынан мемлекеттік марапатқа ие болды.

«Роберт біздің ұлттық батырымыз, және бұл тек спортқа қатысты ғана емес. Ол Польшаны халықаралық аренада керемет көрсетуде және бүкіл әлемді ел туралы жағымды сөздер айтуға жетелеуде. Әлемде талантты жандар көп, бірақ Роберт Левандовски сияқты ойнайтындар аз. Рахмет сізге», - деген президент Дуда мемлекеттік награда табыстау сәтінде.

«Мен бұл сыйлықты алғаныма өте қуаныштымын және бұл үлкен мақтаныш. Футбол жеке спорт емес, командалық спорт түрі. Менің жетістігім жаттықтырушылардың, командаластарым мен отбасының арқасында», деген Роберт Левандовски.

Германия бундеслигасының осы маусымында 32 жастағы аладоп шебері 25 матч өткізіп, 35 гол соқты және 6 нәтижелі пас берген.