Леонель Месси «Барселонада» қалады, егер...
Аргентиналық аладоп шебері Леонель Месси «Барселона» клубында өз масабын жалғастыруға дайын, егер...
Аргентиналық аладоп шебері Леонель Месси «Барселона» клубында өз масабын жалғастыруға дайын, егер клуб басшысы Жозеп Бартомеу отставкаға кетсе.
Бірнеше күннен бері бүкіл әлем баспа беттерінде «Барселонадағы» ішкі жағдай жар жағасына тірелгендігі жөнінде ақпарат тарауда. Негізгі мәселе каталониялық клуб көзайымы Мессидің командамен келісімін аяқтау.
33 жасты аргентиналық сұрмергеннің мұндай шешім қабылдауына команданың ойыны мүлдем төмендеп кеткендігі мен биылғы маусымда жүлдесіз қалуында. Одан қалса басшылықтың өз міндетін дұрыс атқармаған тұсына футболшының көңілі қалған.
«Барселонаға» жаңа бапкер Рональд Куман келген соң Мессидің кету процесі айқындала түсті. Ол клуб басшылығына хат жолдап өзін еркін агент ретінде жіберуін сұраған. Бірақ каталондық команда оның клубтан кетуіне көнсе де еркін агент ретінде кетуіне қарсы шықты. Басшылық оны сатып алуға ниетті клубтарға 700 млн еуроға сатуында жасырмаған.
Месси өзінің жолдаған екінші хатында еркін агент ретінде жібермейтін болса клуб пен арадағы келісім бойынша соттасуын айтқан.
Соңғы дерекке сай «El Chiringuito» телеарнасының журналисті Жозеп Педрерольдың айтуынша, клуб президенті Жозеп Бартомеу отставкаға кетсе, аргентиналық футболшы ойын өзгертіп, «Барселона» үшін футбол ойнауды жалғастыруы мүмкіндігі жөнінде хабарлады.
Қазіргі кезде Месси үшін ең жоғары соммада баға ұсынып отырған клубтар «Манчестер Юнайтед» пен «ПСЖ». Олар Леоны өз сапына қосып алу жолында 100 млн еуро төлеуге дайын.