Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемнің миллиардерлері бір аптада 444 млрд доллар жоғалтты
17:14 / 2020-03-01

Ең көп шығынға ұшыраған Amazon басшысы Жефф Безос. Оның байлығы 11,9 млрд-қа азайған


Жер шарындағы ең бай 500 миллиардерлердің жалпы байлығы соңғы аптада 444 миллиард долларға азайды. Бұл бүкіл әлемдік қор индекстерінің төмендеуіне байланысты орын алған.

«Bloomberg» басылымының жазуынша жыл басынан беріге есептегенде миллиардерлер әлдеқайда көп ақша жоғалтқан. Олар арасында ең көп шығынға ұшыраған Amazon басшысы Жефф Безос. Оның байлығы 11,9 млрд-қа азайған.

Нарықтың төмендеуі «Microsoft» негізін қалаушы Билл Гейтстіде шеттеп өтпей 10 млрд долларға тақырға отырғызса, Tesla басшысы Илон Маскта 9 млрд доллар шығынға батты. Биржа бағасының төмендеуі ең бай болған әлемдік миллиардердің 80 пайызына әсер еткен. Сарапшылардың пікірінше бұл жағдайға ең бірінші коронавирустың тарауы себеп болған.

Жалпы шығынға ұшыраған байлар қатарында «Facebook» жетекшісі Марк Цукерберг (6,6 млрд доллар) және «Google» негізін қалаушылар Ларри Пейж (6,4 млрд) пен Сергей Бринде бар (6,2 млрд доллар).