Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемнің 11 елінде қазақ тілін оқытатын 31 онлайн сынып жұмысын бастайды
14:09 / 2019-11-28

Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстел кеңесі өтуде


Шетелдегі қандастарға өз тілін ұмытпай, оқып жүруіне мүмкіндік жасау мақсатында «Қастерлі қалам» жобасы әзірленеді.

Бұл жайлы Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстелінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хабарда айтылуынша, «Осы жоба бойынша қазақ тілін қашықтықта оқитын онлайн сыныптар ашылып, алдағы уақытта жұмыс істейтін болады. Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық басқару мен жыл соңына дейін әлемнің 11 елінде осындай 31 сынып ашу жоспарлануда. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі қандастардың қазақ қоғамымен байланысын күшейтері сөзсіз. Ол үшін сіздер мен біз осындай ортақ іске күш біріктіріп, кері байланыс пен өзара сенімге негізделген іс-қимылды нығайту маңызды», - деді Дәурен Абаев.

Дәурен Абаев бұған дейін Қазақстанға көшетін қандастардан талап етілетін құжат саны 43-тен 20-ға дейін қысқаратынын мәлім еткен болатын.