Әлемнің жоғары жалақы төленетін қалаларының ондығы жарияланды
Bloomberg басылымының хабарлауынша, Германияның ең ірі қаржылық конгломераты Deutsche Bank эксперттері дүниежүзіндегі ең жоғары жалақы төленетін қалалардың ондығы жариялады.
Bloomberg басылымының хабарлауынша, Германияның ең ірі қаржылық конгломераты Deutsche Bank эксперттері дүниежүзіндегі ең жоғары жалақы төленетін қалалардың ондығы жариялады.
Онда, Сан Франциско қаласы 6,5 мың АҚШ доллар көрсеткішімен әлемнің ең жоғары жалақы төленетін қаласы рейтінгінде 1 орынды иелеген. 2 орында Цюрих қаласы иемденіп, халықтың орташа айлық соммасы 5,9 мың долларды құрайды. 4,6 мың доллар көрсеткішпен Нью-Йорк қаласы үштіктен орын алған.
Сарапшылардың пікірінше, биылғы жылы Америка қалалары тізімнің жоғары орындарынан көрінген. Мысалы Бостон, халықтың жан басына шаққандағы табысы 4,3 мың АҚШ долларды құрап 4 орынан көрінген. 5 орын Чикаго. Мұндағы орташа табыс көлемі 4 мың доллар.
Бір қызығы Лондон қаласы аталған қалалар тізімінде ең төменгі 10 орынға жайғасқан екен.