Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемнің ондаған елі Ұлыбританиямен әуе қатнасын тоқтатты
14:26 / 2020-12-21

Дүниежүзінің ондаған мемлекеттері Ұлыбритания Корольдігімен елдегі тарап жатқан коронавирустың жаңа мұтациясының тарауына байланысты әуе қатнастарын уақытша тоқтатты.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон кеше Лондон мен елдің өзге де өңірлерінде коронавируспен күрес бойынша шаралардың күшейтілгенін жариялады. Осыған орай 20 желтоқсаннан бастап Корольдік құрамындағы дерлік барлық өңірде 30 желтоқсанға дейін ең жоғары - төртінші деңгейдегі карантин енгізілген.

Бұл төтенше мәлімдемеге орай әлем елдері: Аргентина, Канада, Колумбия, Морокко, Финляндия, Хорватия, Чехия, Швейцария, Литва сынды мемлекеттер Ұлыбританиямен әуе қатынасын уақытша тоқтатқанын мәлімдеді.  

Англияда коронавирустың жаңа мұтациясының тарауына байланысты Рождествоны тойлау мен қоса әлеуметтік байланысқа да шектеу енгізілген. Азық-түліктік сататын дүкендерден басқасының барлық мекемелер жұмысын тоқтатады.

Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегінше бүгінге дейін Ұлыбританияда 2,04 миллионнан астам адам індет жұқтырғандығы тіркелген.