Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемнің ең үздік марафоншысы қайғылы жағдайда қайтыс болды
13:26 / 2024-02-13

Марафон бойынша әлем рекордшысы, 24 жастағы Келвин Киптум жол апатынан қаза тапты.

Кенияның Nation басылымы хабарынша, Киптум ішінде екі жолаушы бар Toyota Premio көлігін жүргізген. Спортшы рульге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кетіп, үлкен ағашқа соғылған.

Апат салдарынан Киптум мен оның жаттықтырушысы Джерве Хакизимана оқиға орнында көз жұмды. Жолаушы Шарон Косги ауыр жарақат алған.

Киптум 2023 жылы 23 сәуірде Лондон марафонында жеңіске жетіп, жеңіл атлетика жұлдызына айналды. Ал 8 қазанда ол Чикаго марафонында классикалық қашықтықты екі сағат 35 секундта басып өтіп, әлемдік рекордты жаңартты. Рекордты өткен аптада Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы ресми түрде растады.