Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемнің ең бай миллиардері ғарышқа ұшатынын мәлімдеді
17:27 / 2021-06-07

Әлемнің ең бай миллиардері Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос 20 шілдеде ғарышқа ұшатынын мәлімдеді.

«Мен бес жасымнан бастап ғарышқа ұшуды армандадым. 20 шілдеде мен бұл сапарға ініммен бірге аттанбақпын. Бұл жақын досыммен бірге жақсы саяхат болмақ», - деп жазды Безос Instagram парақшасында.

Миллиардерге тиесілі Blue Origin компаниясының твиттер аккаунтында Безос пен оның інісі және 12 маусымда аяқталатын аукцион жеңімпазы ғарышқа бірге ұшатынын хабарлады.

Билет үшін төлем Blue Origin ұйымдастырған «Club for the Future» қорына аударылады. Қордың мақсаты - жастардың ғылымға, технологияға, инженерия мен математикаға қызығушылығын арттыру, сонымен бірге ғарыштағы өмір туралы идеяны дамыту.