Әлемнің бірінші ракеткасы Эшли Барти спорттық мансабын аяқтады
Әлемнің бірінші ракеткасы австралиялық Эшли Барти сәрсенбі, 23 наурызда Instagram желісінде өзінің теннистегі мансабын аяқтағанын жариялады.
«Бүгін мен үшін эмоцияларға толы қиын күн, теннистен кететінімді жариялаймын», - деп жазды 25 жастағы теннисші өз парақшасында. Бартидің айтуынша, ол бақытты әрі үлкен спорттан кетуге дайын.
Барти мансабында үш рет «Үлкен дулыға» турнирінде (2019 жыл Ролан Гаррос, 2021 жыл Уимблдон және 2022 жылы Australian Open) жеңіске жеткен.
Эшлидің АҚШ ашық чемпионатындағы ең жақсы нәтижесі - төртінші айналымға өтуі (2018 және 2019) болған.