Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемнің алпауыт компаниялары Өзбекстан бюджетіне 78 млрд салық төледі
12:01 / 2025-08-06

Әлемнің алпауыт Meta, Apple, Google, OpenAI, Booking.com, TikTok, Netflix, Assa, Zoom, Adobe сынды компаниялары Өзбекстан бюджетіне 78 млрдтан астам салық төледі.

Бүгінгі таңда Өзбекстанда электрон қызмет көрсететін 72 шетелдік компания бар. Олар 2025 жылдың І жарты жылдығында 78,2 млрд сом салық төледі. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 42 пайызға өскен.

Төленген салықтардың 94 пайызы жоғарыда айтылған алпауыт 10 компанияның үлесіне тиесілі:

  • Meta – 22,6 млрд сум
  • Apple – 22,1 млрд сум
  • Google – 19,4 млрд сум
  • OpenAI – 2,9 млрд сум
  • Booking.com – 1,9 млрд сум
  • TikTok – 1,8 млрд сум
  • Netflix – 896,2 млн сум
  • Assa – 797,1 млн сум
  • Zoom – 786,7 млн сум
  • Adobe – 530,8 млн сум

Электрон қызмет көрсететін шетелдік заңды тұлғалар әр тоқсаннан келесі айдың 20-на дейін салық есебін тапсырып, төлеуі тиіс.