Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемге танымал ауыр атлеттер Ташкентте бас қосады
11:52 / 2021-11-26

2021 жылдың 7-17 желтоқсан күндері Ташкент қаласында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты өтеді.

86-шы рет ұйымдастырылып жатқан әлем чемпионатында Мысыр елінің құрамасы қатысалмауы мүмкін. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2019 жылғы ауыр атлетикадан әлем чемпионатын өткізе алмағаны үшін Египетке 160 мың доллар айыппұл салған болатын. Ал Египет елі қазірге дейін бұл айыппұлды өтемеген. Сондықтан IWF осы елді кезекті турнирге қатыстырмау жайлы шешім шығарған.

Бірақ жақында БАҚ-та Мысырдың Ұлттық Олимпиада комитеті осы жылдың 3 желтоқсанына дейін бұл қарызды Халықаралық ауыр атлетика федерациясына аудару туралы есеп жібергені айтылды. Осы мерзімде міндеттеме орындалса, мысырлық зілтеміршілер Ташкенттегі жарысқа қатысуы мүмкін.