Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемдік мұхиттағы судың температурасы рекордтық деңгейге көтерілді
10:02 / 2023-04-11

Сәуір айының басынан бері мұхит бетінің орташа температурасы 21,1 гардусқа жетті.

The Guardian басылымының хабарлауынша, спутниктік бақылаулар кезеңінде әлемдік мұхиттың температурасы рекордтық деңгейге көтерілген.

Ғалымдар бұл бүкіл әлемде экстремалды ауа райы жағдайларына әкелуі мүмкін деп ескертеді.

мұхит және атмосфералық зерттеулердің ұлттық басқармасы (NOAA) мәліметінше, сәуір айының басынан бері мұхит бетінің орташа температурасы 21,1 градус болды, бұл 2016 жылы тіркелген алдыңғы максимум 21 градустан асып түскен. Климаттанушылар мұхит бетіндегі температураның көтерілуі жаһандық дауылдар мен мұздықтардың еру қаупін арттырады деп отыр.

Кейінгі үш жылда Тынық мұхитындағы «Ла-Нинья» ауа райы құбылысы жер бетіндегі температураны салқын ұстаған. Бірақ NOAA ғалымы доктор Майк МакФадденнің айтуынша, бұл дәуір аяқталды.

«Мұхиттағы жылу мөлшері артып келеді және ол барған сайын экстремалды ауа райы жағдайларын тудыруға қызмет етуде», - деген ғалым.