Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемдік мұхитқа 1,5 млрд маска тасталған
14:50 / 2020-12-30

Коронавирустық пандемия салдары қоршаған ортаға күрделі әсер етуі мүмкін. Себебі, 2020 жылы шығарылған 52 миллиард медициналық масканың 1,5 миллиардтан астамы әлемдік мұхитқа тасталған болуы мүмкін. Бұл туралы мұхиттарды қорғайтын ұйым –

«Oceans Asia» тарапынан жарияланған мәліметке сай, экологиялық белсенділердің қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш әлемдік мұхиттың 4680-6240 тонна пластмассамен қосымша ластануына әкеледі. Маскалар полипропиленнен жасалған - жұқа пластикалық талшық болып, оның мүлдем жарамсыз хәлге келуі үшін 450 жыл қажет. Ұйым уақыт өте келе маскалар бөлшектеніп, микроскопиялық пластикалық бөлшектерге айналады, бұл мұхит экожүйесіне үлкен қауіп төндіруі мүмкін деген.

Бұл ластану процесі ластану балық аулау мен туризм салаларына кері әсерін тигізіп, әлемдік экономикаға жылына 13 миллиард доллар шығын келтіретіндігі айтылған.