Көпұлтты халқымыздың өміріндегі маңызды дата – Мемлекет тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев атына шет мемлекеттер мен үкімет, беделді халықаралық және аймақтық ұйымдардың жетекшілерінен, белгілі саяси, қоғам және дін қайраткерлерінен құттықтаулар келуде.
Шетелдік әріптестер өздерінің құттықтауларында демократиялық жаңғыру мен ұлттық дамуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламасын жүзеге асыруда, еліміздің халықаралық аренадағы орны мен беделін арттыруда қол жеткізген зор табысын атап өткен.
Жуырда болған маңызды саяси оқиға – жаңартылған Конституцияның қабылдануы – халқымыздың Жаңа Өзбекстанды құруға бағытталған артқа қайтпайтын реформаларды сөзсіз қолдайтынының дәлелі.
Құттықтауларда Мемлекет басшысына жаңа табыстар мен Өзбекстан халқына бейбітшілік пен даму тілегі айтылған.
Құттықтау хабарламаларын жібергендер қатарында:
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин,
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин,
Америка Құрама Штаттарының Президенті Джозеф Байден,
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған,
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев,
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров,
Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон,
Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов,
Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Түркіменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов,
Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев,
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев,
Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер,
Франция Республикасының Президенті Эммануэль Макрон,
Үндістан Республикасының Президенті Дроупади Мурму,
Екі қасиетті мешіттің қамқоршысы, Сауд Арабиясының Корольі Салман бен Абдулазиз Әл Сауд,
Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян,
Египет Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах әс-Сиси,
Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси,
Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан,
Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко,
Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бен Абдулазиз Әл Сауд,
Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігі билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум,
Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-Министрінің орынбасары, Президент қстері бойынша министрі Мансур бен Заид Әл Нахаян,
Қатар Мемлекетінің Әмірі Тамим бен Хамад Әл Сани,
Қатар Мемлекеті әмірінің орынбасары Абдулла бин Хамад Әл Сани,
Оман Сұлтаны Хейсам бин Тарик,
Венгрия Президенті Каталин Новак,
Жапония Императоры Нарухито;
Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодо,
Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб,
Бельгия Королі Филипп,
Румыния Президенті Клаус Вернер Иоханнис,
Словения Республикасының Президенті Наташа Пирк Мусар,
Чехия Республикасының Президенті Петр Павел,
Палестина Мемлекетінің Президенті Махмуд Аббас,
Швейцария Конфедерациясының Президенті Алан Берсе,
Эстония Республикасының Президенті Алар Карис,
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Бас хатшысы Сергей Лебедев,
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин,
Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев,
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысы Хусейн Ибрахим Тоха,
Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хусрав Нозири.
Құттықтаулар келуі жалғасуда.