Әлемдік теннис жарыстарының барлығы қалдырылды
Бұған дейін үлкен шлемді жарыстың екінші турнирі «Роллан Гаррос» жарысыда күзге көшірілген еді
Әлем елдеріне коронавирустың тарауы салдарынан барлық теннис турнирлері 7 мусымға дейін өтпейтін болды.
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТP) мен әйелдер тенис ассоциациясы (WТА) басшылығы өзара келісімге келіп, «COVID-19» коронавирусының жер бетіне жаппай тарауына байланысты 7 маусымға дейін барлық жарыстарды тоқтату жайлы шешімге келді.
Бұған дейін үлкен шлемді жарыстың екінші турнирі «Роллан Гаррос» 24 мамырдан 7 маусымға көшірілген еді. Алайда ұйымдастырушылар жахандық ахуалдың қазіргі жағдайын есепке алып, жарысты күздің алғашқы айы қыркүйектің 20 жұлдызы мен 4 қазан аралығында өткізу жайлы тоқтамға келген.