Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемдегі ең жоғары табысты актерлердің рейтингі жарияланды
01:07 / 2020-08-12

Forbes 2020 жыл әлемдегі ең жоғары табысты актерлердің рейтингін жариялады


Forbes 2020 жыл әлемдегі ең жоғары табысты актерлердің рейтингін жариялады. Ондағы рейтингтің алғашқы ондығына енген актерлер бір жылда 545 миллион доллар табыс тапқан.

Рейтингте екінші жыл қатарынан американдық актер Дуэйн Джонсон көш бастап келеді. 48 жасты тақырбас кино жұлдызы бір жыл ішінде 87,5 миллион доллар тапқан. Актер осы сомманың 23,5 миллион долларын Netflix-тен «Қызыл ескерту» фильміндегі рөлі үшін алған. Бұдан бөлек оған «Under Armor» спорттық киім сатушы компаниямен де жасалған келісім-шарттан қомақты қаржы түскен. Осыдан тура бір жыл бұрын Джонсон 89,4 миллион доллар ақша тапқан еді.

Екінші орынды канадалық актер және кинопродюсер Райан Рейнольдс 71,5 миллион доллармен жайғасқан. Үшінші шепте алғаш кино әлеміне әншілік және моделдіктен кейін келген американдық танымал тұлға Марк Уолберг. Ол бір жылда 58 миллион доллар табыс тапқан.

4-орында Бен Аффлек (55 млн $), 5-орында Вин Дизель (54 млн $), 6-орында үнді актері Акшай Кумар (48,5 млн $), 7-орында Лин-Мануэль Миранда (45,5 млн доллар), 8-орында Уилл Смит (44,5 млн $), 9-орында Адам Сэндлер (41 млн $), ал үздік ондықтағы соңғы орында Джеки Чан (40 млн $) жайғасқан.

Рейтинг 2019 жылдың 1 маусымынан 2020 жылдың 1 маусымына дейінгі кезеңдегі мәліметтерге негізделіп алынған «Nielsen», «ComScore», «Box Office Mojo» және «IMDB» қызметтер деректеріне сай жасалған. Бұл мәліметтерде актерлердің табыс көзінен салық, агенттер, менеджерлер және адвокаттарға арналған төлемдер шегермей көрсетілген.