French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемдегі ең үлкен субұрқақ Дубайда ашылды
16:33 / 2020-10-23

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында әлемдегі ең үлкен субұрқақ ашылды. Ол Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген


Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында әлемдегі ең үлкен субұрқақ ашылды. Ол Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді, деп хабарлайды Reuters.

«The Palm Fountain» деп аталатын субұрқақ Дубайдың Палма Джумайра аралының жағалауында орналасқан. 1300 шаршы метр аумақты алып жатқан жаңа аттракцион, Гиннесстің рекордтар кітабына тарихтағы ең үлкен фонтан ретінде енді. Оның ашылу салтанаты бүкіл әлем бойынша тікелей эфирде көрсетіліп, суы 105 метр биіктікке көтерілген.

3 мыңнан астам LED-диодты шамдармен жабдықталған Дубайдағы жалғыз түрлі түсті фонтан жыл бойы келушілер үшін ашық болады.