Әлемдегі ең үлкен күн электр станция Австралияда салынады
Әлемдегі ең үлкен күн электр станциясын Австралияның Дарвин және Алис - Спрингс қалаларының арасында салынады
«Sun Cable» әлемдегі ең үлкен күн электр станциясын құруын жариялап, оны Австралияның Дарвин және Алис - Спрингс қалаларының арасында салуын мәлімдеді.
«Newcastle Waters» атты бұл 10 ГВтық электр станциясының құрылысы 20 миллиард долларға салынбақ және ондағы өндірілетін электр энергиясының үштен екісі Сингапурға экспортталады деп жоспарлануда.
Жоба қоршаған ортаны қорғау департаменті мақұлданғаннан кейін 2023 жылы басталып, 2026 жылы іске қосылады, 2027 жылдан Сингапурға электр қуатын жеткізе бастайды. Станцияда өндірілетін электр энергиясының үштен бір бөлігі Дарвиннің қажеттіліктеріне жұмсалады деп жоспарлануда. Қалғаны Сингапурға суасты кабельдері арқылы экспортталады. Күн фермасы Сингапурдың электр энергиясына деген қажеттілігінің 20 пайызын қамтамасыз етеді.
«Sun Cable» бас директоры Дэвид Гриффиннің айтуынша электр станциясын ғарыштан көруге болады, дейді. «Станцияның орналасуы белгілі себеппен таңдалды - күн фермасы теміржол станциясының жанында және магистральдан 30 км қашықтықта салынады, бұл логистикалық міндеттерді шешуді жеңілдетеді», - деген ол.
Станцияны салуға Австралия үкіметі және екі австралиялық миллиардер - Майк Кеннон-Брукс пен Эндрю Форрест қолдау көрсетуде.