Әлемдегі ең ірі наркобарондардың бірі қолға түсті
Әлемдегі ең ірі наркобарондардың бірі Исмаэль Замбада Гарсия немесе «Эль Майо» АҚШ-та (Эль Пасо, Техас штаты) ұсталды.
Замбада - Мексикадағы Синалоа есірткі картельінің жетекшісі. 76 жастағы Замбада Хоакин «Эль Чапо» Гусманмен бірге картельдің негізін қалаған (Гузман қазір Америка түрмесінде жазасын өтеп жатыр).
АҚШ Әділет министрлігінің мәліметінше, Замбадамен бірге Гусманның ұлы Хоакин Гусман Лопес те қамауға алынған. Бұл кезде олар Техастағы жеке әуежайлардың бірінде болған.
АҚШ-тың бас прокуроры Меррик Гарландтың айтуынша, Замбада мен Лопес «әлемдегі ең қатыгез және күшті есірткі картельдерінің бірі».
АҚШ Федералды үкіметі Замбадаға есірткінің фентанил түрін өндіріп, таратқаны үшін айып таққан.