Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемдегі ең ірі алтын кен орны Өзбекстанда екені мәлім болды
09:51 / 2021-03-11

Әлемдік рейтингке сәйкес, 2 млн унция немесе 57 тоннаға жуық алтын өндірген Мұрынтау кен орны бірінші орынды иеленді. Бұл кен орны Науаиы облысында орналасқан.

Kitco мамандары 2020 жылы алтын кен орындарының рейтингін жасаған болып, онда Мұрынтау кен орнындағы алтын қоры 150 млн унциядан асады. Кеннің ұзындығы 3,3 км болса, ені 2,5 км және тереңдігі 600 метрге жетеді. 

1958 жылы кеңестік геофизиктер Юрий Мордвинцев пен Петр Храмишкин ашып 1969 жылдан бастап өндірісі жолға қойылған атаулы кен орны, қорының көлемімен жақын болашақта әлемдегі ең ірі алтын кен орны мәртебесін сақтап қалады, - делінген хабарламада.

Kitco мамандары жасаған рейтингке сәйкес келесі орындар да - АҚШ-тағы «Карлин» және Ресейдегі «Олимпик» кен орындары жайғасқан.