Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемдегі ең қымбат спорт клубтарының рейтингі жарияланды
16:27 / 2022-09-11

Forbes журналы әлемдегі ең қымбат спорт клубтарының рейтингін жариялады.

Жаңартылған рейтингке 30 американша футбол клубы, бес бейсбол клубы, жеті баскетбол клубы және сегіз футбол клубы енген. 

Рейтингтің алғашқы ондығынан бірде-бір футбол клубы орын алмаған. Өткен жылы үздік ондыққа үш футбол клубы («Барселона», «Реал» және «Бавария») енген болатын.

Американың «Даллас Ковбойс» футбол клубы бірінші орын сақтап қалған. Forbes оның құнын 8 миллиард долларға бағалады.

Қалған клубтар келесі орындарға ие болды:

  • «Нью-Ингленд Пэтриотс» (американдық футбол) – 6,4 млрд доллар;
  • «Лос-Анджелес Рэмс» (американдық футбол) – 6,2 млрд;
  • «Нью-Йорк Янкис» (бейсбол) – 6 млрд;
  • «Нью-Йорк Жайентс» (американдық футбол) – 6 млрд;
  • «Нью-Йорк Никс» (баскетбол) – 5,8 млрд;
  • «Чикаго Беарз» (америкалық футбол) – 5,8 млрд;
  • «Голден Стэйт Уорриорз» (баскетбол) – 5,6 млрд;
  • «Вашингтон Командерс» (америкалық футбол) – 5,6 млрд;
  • «Лос-Анджелес Лейкерс» (баскетбол) – $5,5 млрд.

ТОП-30 рейтингке енген футбол клубтары қатарында «Реал» клубы 5,5 млрд доллармен 13-орынға жайғасқан болса, «Барселона» 15 орында (5 млрд доллар). «Манчестер Юнайтед» 19 орын (4,6 млрд доллар), «Ливерпуль» 22 орын (4,45 млрд доллар), «Бавария» 23 орын (4, 28 млрд доллар), «Манчестер Сити» 24 орынға (4,25 млрд доллар) тұрақтаған.